
Гаага, 2024 жылғы 11 қазан – Елші Қайрат Әбдірахманов пен Қазақстан мен Нидерландының аграрлық сектордағы екіжақты серпінді ынтымақтастығын тереңдету перспективаларын талқылау мақсатында нидерландтық сарапшылар Фредерик Воссенаар және Дерк Кулмен кездесу өткізді.
Фредерик Воссенаар Нидерланд Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы министрлігінің Арнайы өкілі қызметін атқарады. Ауыл шаруашылық саласында кең тәжірибеге ие Воссенаар Қазақстан мен Нидерланд арасында бизнес миссияларды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарған. Оның білімі мен тәжірибесі екі ел арасындағы тығыз байланыстардың нығаюына оң септігін тигізді.
Дерк Кул қазақстандық кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді іскерлік байланысы бар белсенді бизнесмен. Оның тәжірибесі және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысы елдеріміздің ортақ экономикалық мүдделерін одан әрі ілгерілету үшін өте маңызды.
Кездесу барысында Елші Әбдірахманов Қазақстан мен Нидерланд арасындағы әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Азық-түлік қауіпсіздігі, өсімдіктерді биологиялық қорғау сияқты маңызды аспектілерге ерекше назар аудара отырып, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін білімі мен тәжірибесін бөлісуге шақырды.
Кездесу нәтижесінде ортақ идеялар және бірегей мақсаттар бекітілді. Мамандар екіжақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Елшілік серіктестікті нығайту үшін осы сарапшылармен және Нидерландтың ауылшаруашылық қоғамдастығымен одан әрі қарым-қатынасты нығайта түседі.