Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыру жоспары Нидерландта талқыланды

Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыру жоспары Нидерландта талқыланды

Гаага, 2024 жылғы 10 қазан – Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов Нидерландтағы «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ өкілі Арджан Лангедайкпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның әлемдік деңгейдегі туристік бағыт ретінде танымалдылығын арттыруға және халықаралық туристердің санын көбейтуге бағытталған туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Елші Әбдірахманов пен Лангедайк мырза Қазақстан мен Нидерланд арасындағы байланысты одан әрі нығайту стратегияларын, соның ішінде Қазақстанға көбірек нидерландтық туристерді тартуға ерекше көңіл бөлуді талқылады. Тараптар Қазақстанның мәдени мұра, экотуризм сияқты бірегей және алуан түрлі туристік мүмкіндіктерін ілгерілету маңыздылығын аса меңзеп өтті.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру аясында Елші мен Лангедайк мырза Қазақстанды әлемдік деңгейдегі туристік бағыт ретінде насихаттауға арналған бірқатар алдағы іс-шараларды талқылады. Негізгі іс-шаралардың бірі – 2024 жылғы 25 қазанда Гаагада өтетін Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпараттық дөңгелек үстел. Бұл дөңгелек үстел нидерландтық туристік компаниялар мен мүдделі тараптарға Қазақстанның туристік ұсыныстары мен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы көбірек білуге тамаша мүмкіндік береді.

Елші Әбдірахманов Қазақстанның туристік инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті, ал Лангейк мырза нидерландтық туристер арасында Қазақстанға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын өз тарапынан атап өтті.

Елшілік Kazakh Tourism және басқа серіктестермен бірлесе отырып, екі ел арасындағы туристік байланысты нығайту және Қазақстанның көркем табиғаты мен бай мәдени мұрасын ашқысы келетін саяхатшылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.