Нидерландтық жолбарыстар Қазақстанға жеткізілді

Нидерландтық жолбарыстар Қазақстанға жеткізілді

Мемлекет басшысының Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру және «Іле-Балқаш» резерватының фаунасын қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында 2024 жылғы 27 маусымда ҚРҚ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Турғамбаевтың Нидерландқа сапары ұйымдастырылды.

Сапар аясында Нидерландтың Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат министрлігінің өкілдерімен кездесулер өтіп, жабайы жануарлар популяциясын қалпына келтіру, орман шаруашылығы және көміртегі несиелерін өндіру мәселелері талқыланды.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Нидерландтың Dierenpark Hoenderdaell жабайы жануарларды қорғау орталығы арасында екі жолбарысты «Іле-Балқаш» резерватына олардың ұрпақтарын көбейту және табиғатқа шығару үшін тегін беру туралы меморандумға қол қойылды.

2024 жылғы 23 қыркүйекте екі жолбарыс, Богдан мен Кума, Нидерландтың Stichting Leeuw жыртқыштарды қорғауға арналған мамандандырылған орталығынан «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында жеткізілді. Бұл жануарлар өткен ғасырдың ортасында жойылған Тұран жолбарысы популяциясын қалпына келтіру үшін пайдаланылатын болады.

Жұмыс Қазақстан, Ресей және Швейцария қатысатын Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының жобасы аясында жүргізілуде және оны БҰҰ Даму бағдарламасы қолдайды.