Гаагадағы «Luxury International Art» көрмесі: Қазақстанның мәдениеті заманауи өнер мен сән арқылы

Гаагадағы «Luxury International Art» көрмесі: Қазақстанның мәдениеті заманауи өнер мен сән арқылы

2024 жылғы 20 қыркүйекте Гаага қаласында, «Royal Leonardo» қонақ үйінде «Luxury International Art» көрмесінің ашылуы өтті, онда нидерланд қоғамы мен дипломатиялық корпус өкілдеріне заманауи өнер бағытындағы еуропалық суретшілердің жұмыстары ұсынылды.

Көрменің салтанатты ашылуында, Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен, қазақстандық «Aspara» бренді ұсынған нео-фольклорлық стильдегі заманауи әйелдер киімінің капсульдік коллекциясы көрсетілді. Ұлттық дәстүрлі декор элементтерімен безендірілген ерекше коллекция көрме қонақтарының арасында үлкен қызығушылық тудырды, көшпенді мәдени мұрасына және жалпы Қазақстанға деген ерекше қызығушылықты оятты.