Қазақстан Гаагадағы беделді Елшіліктер фестиваліне қатысты

Қазақстан Гаагадағы беделді Елшіліктер фестиваліне қатысты

2024 жылғы 7 қыркүйекте Нидерланд Корольдігінің Гаага қаласында жылдың ең маңызды мәдени іс-шараларының бірі – Embassy Festival (Елшіліктер фестивалі) өтті. Бұл шараға 55 елдің шетелдегі мекемелері, оның ішінде Орталық Азияны таныстырған Қазақстан да қатысты.

Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі ұлттық мәдениеттің көптүрлілігі мен бірегейлігін көрсетті. Фестиваль қонақтары дәстүрлі қазақ тағамдары, халық қолөнері, зергерлік бұйымдар және сәндік-қолданбалы өнердің өзге де заттарымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, келушілерге еліміздің туристік әлеуеті туралы, оның ішінде 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы толық ақпарат берілді.

Елшілік қызметкерлері Қазақстандағы саяси реформалар туралы ақпарат беріп, Қазақстан Республикасы Президентінің қыркүйектегі Жолдауындағы негізгі тезистерді түсіндірді. Сондай-ақ, жақын арада елімізде өтетін ірі халықаралық іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері – Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Қаныш Сәтбаев және Мұхтар Әуезовтің өмірі мен жетістіктерімен танысу шараға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Фестивальде Қазақстанның Орталық Азияның жалғыз өкілі ретінде қатысуы шетелдік қонақтар тарапынан жоғары бағаланып, олар еліміздің мұндай іс-шараларға алдағы уақытта да қатысатынына үміт білдірді.