Республикалық референдум өткізу туралы ақпараттық хабарлама

Республикалық референдум өткізу туралы ақпараттық хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2024 жылғы 6 қазанда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №414 сайлау учаскесінде АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің республикалық референдумда дауыс беруге құқықтық негіз бар.

Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №414 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

 

Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Нидерланд Корольдігі аумақтарындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) consul.hague@mfa.kz электрондық мекенжайға «Республикалық референдум» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Мәліметтерді ағымдағы жылдың 12 қыркүйегіне дейін жіберуіңізді сұраймыз.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда № 414 учаскесінің келесі телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз:+ 31 70 427 2220