Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Нидерланды Парламентінің ғимаратында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Жұмағалиев Корольдіктің Парламенті төменгі палатасының Халықаралық істер комитетінің төрағасы Раймонд де Роонмен кездесті.

Нидерланд тарапымен келіссөздер барысында Қазақстан-Нидерланды саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік мәселелері, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

А.Жұмағалиев әңгімелесушіні ҚР-дағы саяси және экономикалық реформалардың барысы, ел Парламентінің қызметі туралы хабардар етті, екіжақты сапарлармен алмасу арқылы парламентаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.

Нидерланды дәстүрлі түрде Қазақстанмен инвестицилық ынтымақтастығында бірінші және сауда ынтымақтастығында бесінші орынды иеленетінін ескере отырып, ҚР Елшісі көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, ветеринария, фитосанитариялық салаларындағы, сондай-ақ сирек кездесетін металдарды әзірлеу мен өндірудегі өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.         

Өз кезегінде, Раймонд де Роон қазақстандық тарап айтқан ұсыныстарға қолдау білдіріп, Нидерланды АӨК, жасыл энергетика, сирек жер металдарын өндіру, IT және басқа да салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.

ҚН парламентінің өкілі парламентаралық ынтымақтастыққа жаңа динамизм беруге және экономиканың нақты салаларын дамыту жөніндегі жұмысты бағдарлауға ниет білдірді.