Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшілігінің Консулдық бөлімі 2020 жылғы 1 маусымнан бастап жұмысын шектеулі тәртіпте қайта бастайды

Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшілігінің Консулдық бөлімі 2020 жылғы 1 маусымнан бастап жұмысын шектеулі тәртіпте қайта бастайды

2020 жылғы 1 маусымынан бастап, Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшілігінің Консулдық бөлімі коронавирус індетіне қатысты жағдайға байланысты кейбір шектеулерді сақтай отырып, азаматтарды қабылдау мен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қайта бастайды.

Нидерландта енгізілген карантин шараларына байланысты, міндетті түрде әлеуметтік қашықтық талабы орындалып (1,5 м), сонымен қатар  Консулдық бөлімге келуші азаматтардың саны шектеледі.

Осыған байланысты, азаматтарды визалық және өзге де консулдық мәселелер бойынша қабылдау, оның ішінде дайын құжаттарды беру, тек телефон немесе электрондық поштаға алдын ала жазылу арқылы ғана жүзеге асырылады.

Маусым айында консулдық бөлімнің шектеулі тәртіптегі жұмысы келесі кестеге сәйкес жүргізіледі:

  • Жұмыс күндері аптаның жұп күндерінде құжаттарды қабылдау және беру
  • 9:30-дан 12:30-ға дейін (2, 4, 6… маусым)
  • 15:00-ден 17:00-ге дейінтелефон арқылы жазыла аласыз
  • Тел.: +31 70-427-22-20
  • Email: hague@mfa.kzconsul.denhaag@gmail.com
  • Мекен жай: Badhausweg 91, 2587 CE, The Hague

Визаға құжаттарды берер алдында біздің сайтымыздағы визалық мәселелерге қатысты соңғы ақпаратпен танысуыңызды сұраймыз.

Қазақстандық визалар карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілген шетелдіктердің белгілі бір санаттарына ғана беріледі (дипломаттар, ресми делегациялардың мүшелері, Қазақстан азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер, әуе және теңіз кемелері экипажының мүшелері, қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері және т.б., толығырақ осы сілтеме арқылы біле аласыздар).