Гаагада “MIDDLE CORRIDOR – NEW HORIZON FOR EUROPE” атты дөңгелек үстел өтті

Гаагада “MIDDLE CORRIDOR – NEW HORIZON FOR EUROPE” атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің бастамасымен Гаагада “MIDDLE CORRIDOR – NEW HORIZON FOR EUROPE” атты дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел Нидерланд Корольдігіндегі Әзірбайжан, Грузия және Түркия елшіліктерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытудағы бірлескен бастамаларға қатысты мәселелер мен идеяларды талқылау үшін ұйымдастырылды. Талқылау Хюго Бергхауттың баяндамасымен басталды. Ол Еуропа мен Азия арасындағы жүктерді жеткізудің баламалы бағыты ретінде, оның ішінде Қазақстан мен Нидерланд арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуда ЕО елдері үшін ТХКБ-ны дамытуға қатысу маңызды екенін атап өтті. Қатысушыларды тәжірибемен бөлісуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға шақырды.

Қазақстан Республикасы Көлік комитетінің төрағасы Алтай Әли қатысушыларды ТХКБ-ның қазіргі мүмкіндіктерімен және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту әлеуетімен таныстырды.

Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Асқар Жұмағалиев дөңгелек үстел ынтымақтастығымызды нығайту және жаңа мүмкіндіктерді іздеу мақсатында ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті. Асқар Жұмағалиев өз сөзінде қатысушыларды Мемлекет басшысының ТХКБ дамытуға ерекше көңіл бөлетінін және бұл жоба жүк ағынын арттырудағы басымдылық болып табылатынын хабарлады.

ТХКБ дамытудың одан арғы жоспарларымен Баку портының Бас директоры Талех Зиядов, Грузия Экономика министрлігінің көлік және логистика департаментінің басшысы Александра Суладзе және Түркия Сыртқы істер министрлігінің ЕО-мен ынтымақтастық жөніндегі Бас директоры Бурак Айкан бөлісті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығы мен мазмұндылығын атап, жақын болашақта пайдалы болатын маңызды байланыстарды орнатуға мүмкіндік бергенін меңзеп өтті.