
14 мамырда Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі М.Ілиясов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаровтың басқаруымен бейнеконфереция форматында өткен жұмыстық кеңесіне қатысты.
Онлайн кеңеске профильдік министрліктерден, Жамбыл облысының әкімшілігінен, «Kazakh Invest» АҚ ҰК, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «К-Агро Холдинг» ЖСС, Нидерландтың Қазақстандағы Елшісі А.Карстенс және Farm Frites жобасының директоры сияқты 30-дан астам адам қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды, сонымен қатар Қазақстан үшін басым ауылшаруашылық, су ресурстарын басқару, жаңартылатын энергия көздері сияқты экономика секторларында дамытуға болатын жобалардың мүмкіншілігін талқылады.
Farm Frites фри картобын өндіретін агроөнеркәсіптік жетекші компаниясының зауытын құру мәселесі басты тақырыпқа айналып, тараптар жобаның орындалуына қатысты өзекті сұрақтарды талқылады.
Қазақстан Елшісі індет жағдайында осындай форматтағы кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, қазіргі тежеулерге қарамастан, Қазақстан шетелдік серіктестермен жұмыс істеуін одан әрі
Жұмыс кездесуінің соңында қатысушылар аталған форматта одан әрі жұмыс істеуге және ынтымақтасты дамытуға ниеттерін білдірді.