Гаагадағы Қазақстан Елшілігі Нидерландтың іскер топтарына арнап онлайн-брифинг өткізді

Гаагадағы Қазақстан Елшілігі Нидерландтың іскер топтарына арнап онлайн-брифинг өткізді

Елшілік аталмыш шараны ҚР Нидерландтағы Құрметті консулдары Р.Вахтманс, Х.Нибур, «Kazakh Invest» АҚ ҰК мен Қазақстан-нидерланд іскерлік ассоциациясының қолдауымен өткізді.

          30-дан астам нидерланд компаниялары өкілдері қатысқан брифингтің басында Елші М.Ілиясов ҚР Үкіметінің елімізде короновирустың жаппай таралуының алдын алуға себепкер болған індетке қарсы жүзеге асырылған шаралар, шұғыл енгізілген карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы қатысушыларға толық ақпарат берді.  

          Сонымен қатар Қазақстан үкіметінің экономиканы тұрақтандыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға және карантин режимінің енгізілуі әсерінен кірісі азайған азаматтарға қаржылай көмек көрсету сияқты жүзеге асырған экономикалық шаралары туралы толыққанды ақпарат берілді.  

          Қазақстандық дипломат бұған қоса ҚР COVID-19 таралуының алдын алу үшін 57 мемлекетке, оның ішінде Нидерландқа  да қатысты қабылданған  2020 ж. 1 қарашасына дейін уақытша біржақты виза беру режимінің тоқтатылуы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.    

          Сөзінің соңында Елші қатысушыларды ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесінің басты тезистерімен таныстырып өтіп, жоспарланып отырған экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілетін ауқымды өзгерістер, ҚР Үкіметінің экономикалық дамуды тұрақтандыру және елдегі іскерлік белсенділікті орнықтыру, әрі қарайғы карантиндік режим талаптарын бірте бірте жеңілдету шаралары туралы айтып берді.          

          «Kazakh Invest» АҚ ҰК өкілі Ж.Нұрланов елдегі қазіргі экономикалық жағдайға тоқталып, қазақстандық және нидерландтық компаниялар арасындағы іскерлік қарым-қатынасты одан әрі дамыту, инвесторларды қолдауға бағытталған шаралар мен сауда - экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытудың маңыздылығы туралы айтып берді.

          Нидерландтың ҚР Елшісі А.Карстенс ҚР Нидерландтағы Елшілігінің шақыруымен брифингке қатысты. Өз кезегінде голландтық дипломат Қазақстан азаматтарының қалыптасқан жағдайдағы саналы ұстанымдарын және бірлесе тәртіпке бағына білгенін, қазақстандық биліктің коронавирусқа қарсы  тиімді және уақытылы жүзеге асырылған шаралары туралы баса айтты.

          Онлайн сессия Құрметті консул Х.Нибурдың Қазақстандағы голландтық бизнес мүмкіншіліктері туралы әңгімесімен жалғасып, брифингке қатысушылар әрі қарай  эпидемия кезіндегі экономикалық даму барысының баяулауы, өндірістің төмендеуі, экономикалық субъектілерге келер қауіп  пен эпидемиядан кейінгі екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы талқылады.

          Брифингті қорытындылау барысында голландтық бизнес өкілдері конференцияға қатысушыларға сұрақтар қойып, қызықтырған тақырыптарға толыққанды жауап алды. Онлайн кездесуді ұйымдастырушыларға алғысын айтып, эпидемиялық дағдарыс аяқталған кезде екіжақты қарым-қаынасты жандандыруға   аталған шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.