Kazakhstan Energy Week - 2023/ XV KazEnergy Еуразиялық Форумы

Kazakhstan Energy Week - 2023/ XV KazEnergy Еуразиялық Форумы

Kazakhstan Energy Week – 2023 / XV KAZENERGY Еуразиялық форумының КОНЦЕПЦИЯСЫ

2023 жылғы 3-6 қазан аралығында Астана қаласының EXPO Конгресс Орталығында Kazakhstan Energy Week – 2023 (KEW-2023) / XV KAZENERGY Еуразиялық форумы өтеді.

Іс-шара энергетика және мұнай-газ индустриясында бірнеше ірі оқиғаларды дәстүрлі түрде біріктіреді және Орталық Азия өңірінде барынша маңызды оқиғаға айналмақ.

KAZENERGY қауымдастығының 2006 жылдан бастап өткізіп келе жатқан XV KAZENERGY Еуразиялық форумы Каспий және Орталық Азия өңірлерінде энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасы болып табылады. KAZENERGY форумы дүниежүзілік елдер үкіметтерінің, халықаралық энергетика ұйымдарының, дипломатиялық өкілдіктердің, энергетикалық сектордың қазақстандық және шетел компанияларының, зерттеу институттары мен консалтингтік агенттіктердің қызығушылығын тудырады. Іс-шара әлемнің 50-ден астам елінің 300-ден астам компаниясынан 205 мыңнан артық делегатының назарын аудартады. Көптеген жылдар бойы Форум қонақтары беделді саяси фигуралар, танымал сарапшылар болды.

2023 жылы Форум ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың атынан ҚР Үкіметінің қолдауымен дәстүрлі түрде өтеді.

Тіркелу сілтемесі