Қазақстандық делегацияның Нидерландқа іссапары жаңа перспективаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді

Қазақстандық делегацияның Нидерландқа іссапары жаңа перспективаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі KAZAKH INVEST АҚ бірлесіп қазақстандық мемлекеттік органдар мен отандық бизнес өкілдерінің іссапарын ұйымдастырды. Іссапардың басты мақсаты Нидерланд Корольдігінің ауылшаруашылық саласындағы озық технологияларымен танысып, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету аясында 30-дан астам кездесулер мен инвестициялық дөңгелек үстел өткізді.

Делегация құрамында Ақтөбе және Жамбыл облыстарының әкімдіктерінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, сондай-ақ отандық бизнес өкілдері болды. Сапар Westland муниципалитетінде Мэр Буке Арендспен, Dutch Greenhouse Delta бас директоры Мириам Букестпен және жергілікті инвесторлармен кездесуден басталды.

Вестленд муниципалитетінің мэрі Бауке Арендс Қазақстан мен Нидерланд арасындағы соңғы үш онжылдықта қалыптасқан саяси, экономикалық және мәдени салалардағы берік және сенімді байланыстарды атап өтті. Ол екі елдің агробизнес және электр өнеркәсібі сияқты салалардағы бірлескен күш-жігерін одан әрі кеңейту үшін үлкен экономикалық мүмкіндіктерді атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министірінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Нидерландтың Қазақстан серіктесі ретіндегі құнды рөлін атап өтті.  Ол әлемдегі қазіргі сын-қатерлер ауыл шаруашылығындағы тұрақтылық маңызын қалай көрсететінін, және осылайша бұл бағытта дамуды талап ететінін айтты.  Бұған елдеріміздің белсенді ынтымақтастығы мен бизнестің бастамасы арқылы қол жеткізуге болады.

Делегация мүшелері агротехнология саласында алдыңғы қатарда жұмыс істейтін бірқатар нидерландтық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Олар Certhon инновациялық орталығы мен TomatoWorld ақпараттық-білім беру орталығында болды. Certhon – 125 жылдық табыс тарихы бар автоматтандырылған жылыжайлардың жаһандық сарапшысы. Олар автономды өсіруге, роботтық егін жинауға және смарт жарықдиодты жарықтандыруға назар аудара отырып, жабық егіншілік технологияларын оңтайландыру үшін озық зерттеулер жүргізуде. Қазақстандық делегация компания менеджері Том ван ден Бергпен кездесіп, саланың алдағы перспективалары мен қазақстандық бизнеспен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. TomatoWorld — Вестландтың ортасындағы орналасқан көгалдандыру тәжірибесін көрсететін оқу орталығы. Ақпараттық орталыққа барып, делегация мүшелері жергілікті мамандармен бірге тұрақты өсіру әдістері, нидерландтық жылыжай өнеркәсібінің инновациялық технологиялары тақырыбында тәжірибе алмасты. Олар жергілікті серіктестермен байланыс орнатып, қазақстандық азық-түлік өнеркәсібі компанияларымен ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

Сауда миссиясының екінші күнінің басты назары GreenTech Амстердам көрмесі болды. Ашылу рәсімінен кейін, шақырылған спикерлер ауыл шаруашылығы саласының тенденциялары мен болашағы туралы көзқарастарымен бөлісті. Пікірталастан кейін делегация көрмені аралап, инновационды шешімдерді зерттеп өтті. Олар ауыл шаруашылығындағы соңғы инновациялар, соның ішінде вертикалды егіншілік, AI мен робототехниканы пайдалану және жаңартылатын энергия туралы презентацияларды тамашалады. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, Ақтөбе облысы әкімдігінің кеңесшісі Нұржан Оразов және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек Ауыл шаруашылығы, Нидерланд Корольдігінің табиғат және азық-түлік сапасы министрлігінің бас хатшысы Ян-Кес Гоетпен және Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы министрлігінің арнайы өкілі Фредерик Воссенаармен кездесу өткізді. Кездесу нәтижесі бойынша, екі ел арасында ауыл-шаруашылығы саласында жұмыс тобын құру туралы келісім орнатылды.

 

“Соңғы 30 жылда Қазақстан біздің құнды стратегиялық серіктестеріміздің біріне айналды және біз елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстардың дамуын асыға күтеміз”, - деп Ян-Кис Гот өз ойын білдірді. Вице-министр Тамабек Қазақстан үкіметінің біздің елдер арасындағы іскерлік әріптестік пен жоғары технологиялық кәсіпорындарды дамытуға ниеттігін білдірді. Делегация мүшелері көпжылдық өсімдіктерді өсіруге маманданған нарықтағы жетекші Molter фирмасы, таза тұқымды сиырларға маманданған Van Der Ploeg және әлемдегі ең ірі жарықдиодты шам өндірушілер фирмалараның бірі Signify-мен танысты.

Үшінші және төртінші күндері делегация Нидерландтың ірі ауылшаруашылық компанияларымен танысуды жалғастырды. Делегация бау-бақша лалагүлдерін өсіруге және экспорттауға маманданған Lily компаниясының штаб-пәтеріне және сапалы хризантемалардың ірі өндірушісі Zentoo's Gardens кооперативінде маңызды кедесулер өткізіп, өз жылыжайларын Қазақстанда ашуға шақырды.

Делегацияның келесі кездесулерін Мидден-Дельфленд муниципалитетінде өткізді. Муниципалитеттің Вице-мэрі Қазақстаннан келген әріптестерімен кездесіп, бұл делегация Мидден-Дельфленд пен Қазақстандық аймақтар арасында жаңа экономикалық байланыстар құруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Екі тарап та болашақта бірлескен кәсіпорындар құруға қолдау білдірді. Делегация мүшелері аймақтағы ірі сүт өндіретін фермаларға барды. Ауылшаруашылық техникалары мен дүние жүзіндегі сүт фермаларына арнайы роботтар шығаратын жергілікті Lely компаниясының өкілдерімен кездесті. Делегаттар Ван Дер Ховеннің коммерциялық директоры Боб Хуншемен де кездесті. «Қазақстан өзінің сүт өндірісін кеңейту үшін үлкен әлеуетке ие. Ірі қараны өсірудегі тәжірибесі мен кең территория ірі сүт фермалары үшін тамаша орта болып табылады», - деді Хунше. Кездесу барысында жергілікті бизнеспен жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқыланды. Сүт өнімдері мен ірі қара мал – мүмкіндігі мол тамаша нарық екенін делегация мүшелері атап өтіп, мұндай кәсіпорындармен қатынас орнатуға қолдау білдірді.

Бейсенбіде делегация азық-түлік өнімдеріне маманданған компаниялардың өкілдері мен өсімдік шаруашылығының шешімдері таныстырылды. Олар Svensson, Bayer – De Ruiter Seeds, Koppert және KUBO Greenhouse директорларымен кездесті. Svensson - климаттық жағдайларды бақылай алатын және энергия тиімділігін барынша арттыра алатын әлемдік көшбасшысы. Делегаттар жылыжайдағы заманауи экрандардың қызанақ пен қиярды тұрақты өсіру үшін қалай тиімді қолданыла алатынын үйренді. Bayer - De Ruiter Seeds - 1500 жылдардан бастау алатын тарихы бар жылыжай және қорғалған көкөніс өсіру саласындағы сарапшы. Seeds Experience Center-де қонақтар бірқатар дақылдарды өсірудің әртүрлі бағдарламаларымен танысты. Копперт азық-түлік дақылдары мен сәндік өсімдіктерге арналған шешімдерді әзірлейтін әлемдік көшбасшы. Бизнесті дамыту жөніндегі маман Арон Оостокпен кездесуде делегация мүшелері соңғы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жаңалықтарын және Қазақстанда орнатуға болатын ауқымды жылыжайларда инновацияны қалай енгізуге болатынын талқылады. Содан кейін жылыжай жобалары тұрақты инновацияға бағытталған негізгі жылыжай өндірушісі KUBO компаниясының жинақтау және инновация орталығымен танысты.

Жұма күні іссапардың қорытындысы ретінде нидерландтық бизнес пен үкіметтің өкілдері және қазақстандық делегаттар қатысқан Дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел ауыл шаруашылығы мен жылыжай шаруашылығындағы білім беру және оқыту саласындағы бірлескен жобаларға қатысты мәселелер мен идеяларды, осы салалардағы соңғы трендтерді және оларды жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында құрылды. Бірлескен жобаларды ілгерілетуде Қазақстан мен Нидерланд үкіметтері үлкен жұмыс атқарғаны және даңа бастамаларға бар мүмкіндіктер ашылғаны екі тарап өкілдерінен де атап өтілді. 

Қатысушылар ауыл-шаруашылығы саласындағы бірнеше бағыт бойынша қызу талқылаулар өткізіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ортақ мүддеге келді. Сондай-ақ логистикалық тізбектерді жетілдіру (транскаспийлік маршрут), қосымша құн салығы, энергетика және басқа да мәселелерді қоса талқылады.

Сонымен қатар, Елімізде өткен Астана Халықаралық Форумы дөңгелек үстелге өз пайдасын тигізді. Форум туралы ақпарат жергілікті бизнес арасында қызу талқыланып, Еліміздің шетелдік инвесторларға тартымдылығын арттырғаны бизнес тарапынан меңзелді.

Жалпы, делегация мүшелері іссапар аясында құрған байланыстардың жақын арада пайдалы болатынын атап өтті. Делегация мүшелері елдеріміздің экономикалық өсуі мен дамуы үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын және потенциалды жемістерін атап өтті.

Толығырақ