Еліміздің әйелдер құрамасы «Amsterdam7s» халықаралық турнирінде үшінші рет қатарынан жеңіске жетті

Еліміздің әйелдер құрамасы «Amsterdam7s» халықаралық турнирінде үшінші рет қатарынан жеңіске жетті

Осы демалыс күндері, 3-4 маусымда Амстердам қаласында регбиден «Amsterdam7s» халықаралық турнирінің жарыстары өтті. Турнирдің нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасы қатарынан үшінші рет бірінші орынды жеңіп алған.

 

Тәжірибелі бапкердің жетекшілігімен Қазақстан құрамасының командасы өз мүмкіндіктеріне сеніп, барлық кездесулерде теңдесі жоқ кәсіби шеберлік пен мықтылық көрсетті. Бұл тамаша жеңіске жетуде ұлттық құрамадағы әрбір ойыншы шешуші рөл атқарды.

 

ҚР құрама командасы мықты қарсыластарына қарсы көптеген әсерлі матчтар өткізіп, тамаша жеңіске жету үшін көп күш жұмсады. Бұл жеңіс команданың мызғымас адалдығын, олардың қайтпас рухани күші мен жоғары жетістіктерге деген ұмтылысын растайды.

 

Жарыс соңында Елші Асқар Жұмағалиев Қазақстан ұлттық құраманы осы тамаша жетістігімен құттықтап, шын жүректен қуанышын білдірді. Сонымен қатар, ол осы турнирдің ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, басқа командалардың дайындықтарының жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ, келесі жылы біздің команданың «Amsterdam7s» турниріне тағы да қатысатынына сенім білдіріп, бұдан да көп жеңістер тіледі.

 

Регби федерациясы команданы шын жүректен құттықтап, барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.