Қазақстандық делегация Нидерландтың цифрлық энергия платформасын құру тәжірибесін зерттеді

Қазақстандық делегация Нидерландтың цифрлық энергия платформасын құру тәжірибесін зерттеді

Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі UN DESA-мен бірлесіп, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдеріне жылу-энергетика саласын цифрландыру тақырыбында жұмыс сапарын ұйымдастырды.

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің эмиссарлары мен «Электр энергиясы және қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ бас мамандары болды.

 

Бірінші күні делегация инженерлік-технология саласындағы әлемнің үздік 10 университетінің бірі саналатын Дельфт технологиялық университетінің сарапшыларымен және қызметкерлерімен кездесті. Екі жақтың өкілдері кезекті семинарларға қатысып, «Желілік жұмыстарды цифрландыру» және «Тұрақты энергияға көшуді жоспарлау» мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, нидерландының энергетика саласындағы жетекші инновациялық жобалардың директорлары мен кәсіпкерлері өз фирмалары мен соңғы әзірлемелерімен таныстырды. Оған қоса қазақстандық өкілдер Делфт қаласының энергетикалық инфрақұрылым зертханаларымен, оның ішінде жоғары вольтты және энергия жүйесін модельдеумен айналысатын зерттеу жобаларымен танысуға мүмкіндік алды.

 

Келесі күні қонақтар Роттердамға Нидерландтың коммуналдық операторы Stedin компаниясының директорларымен кездесуге келді. Ол Нидерландтың орталығындағы 2 миллион үй шаруашылығын, соның ішінде әйгілі Роттердам портын газбен және электрмен қамтамасыз ететін сектордағы ең ірі фирмалардың бірі. Stedin компаниясының бас директоры Дэвид Петерс қонақтарды қарсы алып, желіні цифрландырудың соңғы жобаларымен таныстырды.

 

Сонымен қатар, қазақстандық өкілдер Арнем қаласындағы KEMA зертханасында кездесулер өткізді. Осы аттас компанияның бөлігі ретінде, бұл зертхана энергетикалық сектордағы тәуелсіз тестілеу, тексеру және сертификаттау бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Энергетика және цифрлық даму министрліктерінің сарапшылары смарт есептеу, тұтынушылармен байланыс және цифрлық желіні пайдалану мәселелерін талқылады. Үшінші күні делегация TenneT компаниясымен кездесті. TenneT — Нидерландыдағы жоғары вольтты желінің жұмысын және көрші елдермен байланысын қадағалауға жауапты ұлттық тарату жүйесінің операторы. Компания TSO және DNO мәселелерін, деректерді басқару және цифрлық желі операцияларын талқылау платформасын ұсынды.

 

Ресми сапардың соңғы күнінде қазақстандық өкілдер Нидерланд Корольдігінің Экономика және климат саясаты министрлігіндегі әріптестерімен кездесу үшін Нидерландтың саяси астанасы Гаага қаласына келді. Техникалық тәжірибе алмасудан кейін, екі елдің өкілдері ақпаратты саяси контексте өзара жөнді түрде пайдалану жолын талқылағысы келді. Үкімет өкілдері осы саладағы соңғы инновацияларды жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін қалай пайдалануға болатынын қарастырды.

 

Делегацияның Нидерландыға сапары сәтті өтіп, желіні пайдалану және коммуналдық қызметтерді цифрландыру бойынша ауқымды тәжірибе алмасуға әкелді. Қатысушылар болашақта мемлекеттік қолдау тұрғысынан тәжірибе мен біліммен әрі қарай алмасуға келісті. Сондай-ақ олар бағдарламаның жоғары тиімділігі мен Қазақстандағы саланы дамытуда алынған білімнің маңыздылығын қоса атап өтті.