Қазақстандық делегация ХҚТҰ бесінші шолу конференциясына қатысты

Қазақстандық делегация ХҚТҰ бесінші шолу конференциясына қатысты

15-19 мамыры аралығында, Гаагада Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігінің Елшісі Асқар Жұмағалиев Химиялық қару туралы конвенцияға (ХҚК) қатысушы мемлекеттердің Шолу конференциясының Бесінші сессиясына қатысты.

Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы (OPCW) Химиялық қару туралы конвенцияның орындалуына жауапты жаһандық мекемесі болып табылады. Ол әрбір 5 жыл сайын Шолу конференциясын өткізеді. Бұл конференцияда қатысушы мемлекеттер, азаматтық қоғам, химия өнеркәсібі және академиялық орта өкілдері Конвенцияны жүзеге асыру барысын сараптайды және OPCW үшін жаңа басымдықтарды белгілейді.

Елші халықаралық қауіпсіздікті нығайту және химиялық заттарды сенімді өндіру мен қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға қатысты.

Шолу конференциясының нәтижесінде OPCW осы жылдың 30 сәуірінде Әлемдік химиялық қордың 99,82%-ы жойғанын хабарлады және ұйым 100%-ға жету үшін көп жұмыс жасауда. Қазақстанның атынан өкілдік еткен, Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Асқар Жұмағалиев біздің еліміздің химиялық қару мәселесі бойынша ХҚК мүшелерімен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

OPCW алаңында бірқатар шетелдік делегациялармен кездесулер өтті. Олар жұмыстың аралық нәтижелері және біздің мемлекет басшысының Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жөніндегі бастамасын ілгерілету жөніндегі алдағы шаралар туралы хабардар етті. Әңгімелесушілер бұл бастаманың өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар, 11 мамырда Елші OPCW-ның жаңа Химиялық технологиялық орталығының (ХТО) ашылуына қатысты. Салтанатты рәсімге Нидерландының Мәртебелі Королі Виллем-Александр төрағалық етті. Елші А.Жұмағалиев ХҚК мүше-мемлекеттерінің басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен бірге ХТО ғимаратын аралауға шақырылды. Орталық OPCW-ның маңызды қосымшасы болып табылады, бұл оған өзгермелі жаһандық қауіпсіздік ортасына тиімді әрекет етуге және мемлекеттерге химиялық қаруға қарсы жаһандық стандарттарды орындауда қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Жалпы, делегацияның қатысуы OPCW күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымдарын айқындауға және химиялық қарусыздану саласындағы маңызды үрдістер туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берді.