Ботаникалық бақта «Қызғалдақ» мүсіні ашылды

Ботаникалық бақта «Қызғалдақ» мүсіні ашылды

Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай Астанадағы Ботаникалық бақта «Қызғалдақ» мүсіні ашылды. Бейбітшілік пен берекенің символы болған қызғалдақтың екі ел мәдениетінде алар орны ерекше. Бұл мүсін екі ел арасындағы достық пен әріптестің белгісі.

Жалпы, Нидерланд Корольдігі Еліміздің маңызды серіктестерінің бірі. Жылдар аясында елдеріміз арасында экономикалық, саяси және мәдени бағыттарда сенімді серіктестік орнады. Мысалы, қазіргі таңда Еліміздің экономикасына құйылатын инвестициялар көлемі бойынша Нидерланд Корольдігі бірінші орында. Осылайша, тек өткен жылдың өзінде инвестиция көлемі $8,3 млрд жетіп, Нидерландтан Қазақстанға келген жалпы инвестициялар көлемі $113 млрд асты.

Осылайша, Қызғалдақ мүсіні Ботаникалық бақтың жаңа безендірілуіне және елдеріміз арасындағы достық пен өзара қолдаудың тағы бір символына айналды. Шараға Нидерландтың Қазақстандағы Елшісі Андре Карстенс, ҚР СІМ орынбасары Роман Василенко, елорда әкімшілігінің өкілдері мен белсенділер қатысты.