Гаагада заманауи қазақ мәдениетінің бұйымдары таныстырылды

Гаагада заманауи қазақ мәдениетінің бұйымдары таныстырылды

Көктемгі мерекелер қарсаңында – Елшілік қабылдаушы елде қазақ мәдениетін насихаттау аясында Нидерландыдағы Елшілердің Жұбайлары Қауымдастығының мүшелері мен Халықаралық Дипломатиялық Ұйымдар басшыларының жұбайлары арасында заманауи қазақ киімдерінің көрсетілімін ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар белгілі алматылық этно-дизайнер Айгүл Жансерікованың сән көрсетілімі арқылы Қазақстанның мәдениетімен танысты, қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татты, сонымен қатар бірлескен флешмобқа қатысып, дәстүрлі «Қамажай» биін биледі.

Этно-дизайнер Айгүл Жансерікова Қазақстан Республикасының шығармашылық индустриясының заманауи киімдерін ұсынды, атап айтқанда, киізден жасалған бұйымдар көрсетілімі ұйымдастырылды. Өнімдерге қабырға гобелендері сияқты үй жиһаздары, әйелдерге арналған шапандар мен кеудешелері сияқты сыртқы киімдер, сондай-ақ көптеген шарфтар мен аксессуарлар кірді. Барлық заттар ұлттық нақыштармен, әсіресе, мүйізбен және тарихқа дейінгі олжалардағы петроглифтермен көмкерілген. Костюмдердің презентация аясында Нидерландыда білім алып жатқан қазақстандық студенттер шақырылды. Дизайнер қонақтарға киізбен жұмыс жасау өнері, оның табиғи жүннен жасалуы және гобелен сияқты заттарды жасау техникасын біздің ата-бабаларымыз жүздеген жылдар бұрын жасағаны туралы айтып берді. Қонақтар презентациядан алынған мәліметтерден шабыт алды.

Сән көрсетілімінен кейін қонақтарға шелпек, бауырсақ, балқаймақ, жент, ірімшік, құрт түріндегі ұлттық тәттілер ұсынылды. Қатысушылар Қазақстанға келуге қызығушылығын танытты.

Кештің соңғы бастамасы Қамажай биімен таныстыру болды. Қонақтарға қазақтың халық билерінен хореографиялық қимылдардың бірнеше үлгісі көрсетілді. Осы қимылдарды қайталай отырып, қонақтар заманауи және классикалық қазақ әндері таңдалған флешмоб биледі.

Қонақтарға киізден жасалған аксессуар түріндегі кәдесыйлар берілді. Қонақтар іс-шараға қуана келіп, қайта шоу ұйымдастыруға қызығушылық танытты. Елшілік өкілдері Қазақстаннан көбірек халық өнерінің майталмандарын шақыруға және қонақтардың кең ауқымы үшін осындай презентацияларды өткізуге дайын екендіктерін мәлімдеді.