Гаагада REAIM2023 халықаралық саммиті өтті

Гаагада REAIM2023 халықаралық саммиті өтті

Гаага, 2023 жыл 16 ақпан – Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев REAIM2023 конференциясына қатысты. Оны алғаш рет бейбітшілік пен әділет қаласы Гаагада Нидерланд Корольдігі мен Корея Республикасы ұйымдастырды. REAIM2023 барлық мүдделі тараптар үшін жасанды интелектті (ЖИ) әскери қолдануға байланысты негізгі мәселелер, қиындықтар мен тәуекелдерді талқылауға арналған платформа болды. Саммитке ЖИ айналысатын мемлекеттік органдар, үкіметаралық агенттіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері кірді.

Елші Жұмағалиев жасанды интеллекттің қоғамдық әл-ауқат пен қауіпсіздікке әсері туралы алаңдаушылық білдіре отырып, ЖИ-ды әскери контексте пайдаланудың қаупін талқылады. Ол жаһандық қоғамдастық үшін ЖИ-дың бейбіт дамуының маңыздылығы туралы айтып, этикалық принциптерді сақтау қажеттігін атап өтті.

Конференция барысында Қазақстанның жаһандық бейбітшілікті жақтайтыны және оны БҰҰ, ЕҚЫҰ, ХҚҰ және басқа да платформалар аясында қолдауға дайын екендігі меңзелді.