
2023 ж.13 ақпан, Гаага - 19 наурызда партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. Қазақстан Республикасының Елшілігі кәмелетке толған (сайлауға дейін немесе сайлау күні 18-ге толатын) және шетелде тұратын Қазақстанның барлық азаматтарын Badhuisweg 91, 2587 CE Den Haag мекен-жайында дауыс беруге шақырады. Дауыс беруге ниет білдіргендер 19 наурыз, жексенбі күні сағат 07:00 мен 20:00 аралығында келе алады. Жеке басты куәландыратын Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты (паспорты) өзіңізбен бірге болу керек.
Сайлауға дауыс беру үшін Елшілікке уақытылы тіркелу қажет. Тіркелу немесе қосымша ақпарат алу үшін консулдың телефонына: 070-427-22-20 және consul.hague@mfa.kz поштасына хабарласуға болады.