
Гаага қ., 1 ақпан - ҚР Нидерланды Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев Тұрақты Аралық Соттың Бас хатшысы Марин Чепелакпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР Елшісі Бас хатшыны Қазақстанның инвесторларды қорғау, еліміздің одан әрі экономикалық дамуына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси және демократиялық реформалар бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде М.Чепелак Қазақстанның Орталық Азиядағы басты және жетекші ел екенін атап өтіп, ҚР-мен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниет білдірді. Сонымен қатар, халықаралық ұйымның өкілі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың реформаларының өзектілігі мен саяси жаңғырудың уақтылығын атап өтті.