Асқар Жұмағалиев қазақстандық студенттермен және Утрехт университетінің профессорларымен кездесті

Асқар Жұмағалиев қазақстандық студенттермен және Утрехт университетінің профессорларымен кездесті

13 қаңтар, 2023 жыл, Гаага — Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Асқар Жұмағалиев Утрехт Университетінің профессорларымен және алмасу бағдарламасы бойынша келген Нархоз Университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Асқар Жұмағалиев студенттерді Елшілік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық сипаттағы бірқатар қызықты мәселелерді талқылады.

Елші студенттерді елдеріміздің экономиканың түрлі салаларында қол жеткізген жетістіктері тыралы хабардар етті. Талқылаулар аясында екіжақты экономикалық белсенділікті әртараптандыруға бағытталған жаңа бағыттар да таныстырылды.

Кездесу барысында Утрехт Университетінің профессорлары Қазақстанда инновациялық әлеуетті дамыту бойынша енгізіліп жатқан бастамаларға белсенді қызығушылық танытты. Сондай-ақ техникалық кадрларды дайындаудағы Қазақстанның тәжірибесі басты тақырыптардың бірі болды. Профессорлар осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Утрехт Университетінің өкілдері мен студенттер ұйымдастырылған кездесу үшін алғыстарын білдіріп, берілген ақпараттың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ өз тараптарынан елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін хабарлады.