Гаагада қазақ тілінен ашық сабақ өтті

Гаагада қазақ тілінен ашық сабақ өтті

Гаага, 2022 жылғы 3 желтоқсан - Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Елшілігінде қазақ тілінен ашық сабақ өтті.

17 қыркүйек күні Қазақстан Елшілігінің жанынан балаларға арналған қазақ тілінің курсы ашылған болатын. Қазақ тілін үйренемін дегендердің бәрі осы курсқа жазыла алатын еді.

Ал, міне, курсқа жазылып, қатысып жүрген 15 бала ашық сабаққа қатысып, осы уақытқа дейін үйренгендерін көрсетті.

Кішкентай қазақстандықтар Республикамыздың әнұранын, “Мен - қазақпын”, “Қошақаным қайда екен” сияқты әндерді орындап, өлең шумақтарын жатқа айтқан.

Ашық сабаққа оқытушы, балалардың ата-аналары, сондай-ақ, Елшілік қызметкерлері қатысты.

Ашық сабақ соңында балаларға естелік сыйлықтар табысталды.