Достықтың 30 жылдығы: естелік маркалар мен күнтізбелер

Достықтың 30 жылдығы: естелік маркалар мен күнтізбелер

Гаага, 2022 жылғы 2 желтоқсан - Қазақстан Елшілігі Нидерланд Корольдігімен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастың мерейтойына орай естелік марка шығарды.

Маркада екі елдің туы, дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылған күні, сондай-ақ «30 жыл» деген жазу жазылған.

Күнтізбеге екі елдің ең әдемі жерлері – табиғаттың тамаша мекендері мен сәулет өнерінің туындылары бейнеленген. Күнтізбедегі суреттер кезек-кезек ашылады. Әрбір айдың суреті Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігінің сұлулығын еске салатындай әсер қалдырады.