Қазақстан мен Нидерланд: жемістің достықтың 30 жылы

Қазақстан мен Нидерланд: жемістің достықтың 30 жылы

Гаага, жылғы 2 желтоқсан - Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арнаған салтанатты қабылдау өткізді.

«Отыз жыл бұрын біз Нидерланд елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Осы жылдар аралығында көп нәрсеге қол жеткіздік. Біздің саясаттағы, экономикадағы және мәдениеттегі ынтымақтастығымыз тек нығайып жатыр. Осының бәрін екі ел азаматтарының арқасында. Яғни, дәл осы кісілердің арқасында біздің байланыстар дамып отыр. Голландтық ойшыл Эразм айтқандай, «Өзіне жақсылық қылған адам өз досына жақсылық қылады». Сондықтан, мен бұдан әрі де елдер арасындағы достықтың дамуы үшін одан әрі игі істер істей береміз деген сенімдемін», - деді салтанатты қабылдаудың ашылу салтанатында Нидерландтағы ҚР Елшісі Асқар Жұмағалиев.

Бұған статистика да дәлел. Нидерланд Қазақстанға салынған тікелей шетелдік инвестицияның ағымы бойынша көшбасшы ел болып отыр. Екі ел арасындағы сауда байланыстар да қарқынды дамуда.

«Біздің Қазақстанмен өзара іс-қимылымыз өте жақсы және ол тек дамып жатыр. Бизнес-орталар да ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. Бұл әрине, қуантпай қоймайды! Қазақстан мен Нидерланд тек ауыл шаруашылығы саласында ғана емес, «Жасыл энергия» саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Алдымызда қыруар жұмыс тұр. Және мен  екі епл арасында осындай жемісті ынтымақтастық орнағанына тек қана қуанамын», деді кештің құрметті қонағы, Нидерланд СІМ Еуропа департаментінің директоры Эрик Вестстраат.

Кеш қонақтарының арасында әртүрлі елдердің елшілері мен дипломаттары, іскер топтардың өкілдері, Корольдіктегі министрлік пен ведомство қызметкерлері, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері болды. Келген қонақтар үшін елшілік концерттік бағдарлама ұйымдастырған болатын. Атақты опера әншісі Айгүл Шәмшиденова Қазақстан мен Нидерланд елдерінің әнұранын орындап, қонақтарды тәнтті етті.

Ал, Әйгерім Матаева мен Әйгерім Ерсайыновалардың орындауындағы “Nomad” қойылымы болса Айжан Жаркешованың орындауында қонақтарға қобыз пен пианинодағы туындыларды ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей, Чехия, Қырғызстан өнер академиясының академигі, Францияның өнер және әдебиет орденінің кавалері, EUROUNION жоғары сыйлығының, кескіндемедегі ерекше жетістіктері үшін Сальвадор Дали Халықаралық альянс сыйлығының иегері, Қазақстан мен Чехия арасындағы мәдени байланыстарды дамыту мен нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін Масарыка атындағы күміс медаль иегері, Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша «Платиналы Тарлан» жоғары наградасының иегері, Дүниежүзілік суретшілер биенналесінің қола медаль иегері, сондай-ақ БҰҰ-ның 50 жылдығына арналған сертификат  иегері, суретші Ерболат Төлепбайдың көрмесі өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Елшілігі іс-шараның барлық қатысушыларына арнап естелік сыйлықтар таратты, атап айтсақ, ұлы Абайдың «A decent person works for humanity» сөзі жазылған футболка, еліміздің визит карточкасына айналған - «Қазақстан» шоколадын, сондай-ақ, мерейтойлық күнтізбелер және дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай арнайы шығарылған маркалар таратылды.

Шараға келген қонақтар салтанатты қабылдауды жоғары бағалады.