Гаагада сайлау учаскесі ашылды

Гаагада сайлау учаскесі ашылды
Ү.ж. 20 қарашада таңғы сағат 07:00-ден бастап Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігінде №282 сайлау учаскесі ашылды.  Корольдікте тұратын қазақстандықтар кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс беруге қатыса алады.
 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының конькимен жүгіруден Ұлттық құрама командасына үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкүндігі ұйымдастырылды.
 
«Өтініш заңда берілген  мерзімде беріліп, қаралып, сайлау комиссиясының 2 мүшесі оларға жылжымалы жәшік пен сайлау бюллетеньдерін алып барды», - деді Гаагадағы №282 сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Атабаев. 
 
Дауыс беруге барлығы 18 команда мүшесі қатысты. Айта кетейік, қарашаның 18-і мен 20-сы аралығында Голландияның Херенвейн қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр.