
Конькимен жүгіруден Қазақстанның ұлттық құрамасы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Гаагада жүріп дауыс берді.
«Қазақстан Республикасының Коньки Ұлттық федерациясының басшылығы команда мүшелерінің көшпелі дауыс беруіне жағдай жассу үшін өтініш айтты. Өтініш заңда берілген мерзімде беріліп, қаралып, сайлау комиссиясының 2 мүшесі оларға жылжымалы жәшік пен сайлау бюллетеньдерін алып барды», - деді Гаагадағы №282 сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Атабаев.
Дауыс беруге барлығы 18 команда мүшесі қатысты. Айта кетейік, қарашаның 18-і мен 20-сы аралығында Голландияның Херенвейн қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр.