
Ағымдағы жылдың 31 қазанда Гаагада Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшісі А.Жұмағалиев Shell компаниясының Вице-президенті Джоанна Кунсбергпен кездесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Shell арасындағы ынтымақтастықты әртараптандыру мәселелері талқыланды. Осы бағытта энергетиқалық ресурстарды тасымалдаудың қосымша жолдары, «жасыл энергетиканы» дамыту мүмкіндіктері және басқа да мәселелер қарастырылды. Айта кету керек, Shell Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор болып табылады.