
Нидерландтағы Қазақстан Елшісі Асқар Жұмағалиев осы елдегі протестанттық шіркеудің Бас синод Төрағасы Марко Батенбургпен кездесті.
Кездесу Нидерландтағы ең ұзын (ұзындығы 123 метр) және 14-16 вавилон ғасырынан келе жатқан терезелерімен де аса танымал Қасиетті Иоанна (Sint Janskerk) шіркеуінде өтті.
Кездесу аясында қазақстандық дипломат М.Батенбургке конфессиааралық келісім мен өркениетаралық диалогты дамытудағы Қазақстанның атқарып жатқан жұмысы мен 2022 жылдың 14-15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтанда өтетін VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі туралы ақпарат берді.
“Съезд қазіргі заманның ең өзекті мәселелері бойынша конструктивті диалогты қамтамасыз ететін бірегей жаһандық дінаралық диалог алаңына айналған”,- деді Елші.
М.Батенбургтің пайымынша, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі әртүрлі дін өкілдерінің басын бір үстелге жинап, конфессиааралық диалог орнатуға мүмкіндік жасайды.
Әлімдік және дәстүрлі діндердің Съезі Қазақстанда 2003 жылдан бері өтіп келеді. VII Съезд жұмысына 58 елден 130-дан астам делегация, соның ішінде әл-Азхардың Бас имамы шейх Ахмад эль-Тайеб, Франция Рим папасы мен өзге де дін қызметкерлері келеді деп күтілуде.