Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінде кездесу өтті

Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінде кездесу өтті

Гаага, 12 маусым 2022 ж. – Қазақстан Елшісі А.Жұмағалиев Нидерланд Сыртқы істер министрлігінің сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі Бас директорының орынбасары Питер Потманмен кездесті.

Әңгімелесу барысында А.Жұмағалиев Қазақстан-Нидерланд арасындағы ынтымақтастықтың сындарлы және достық сипатын, Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Нидерландтың жетекші орнын, сондай-ақ осы ел Қазақстанның төртінші ірі сауда серіктесі екенін атап өтті.

«Экономикалық ынтымақтастықты әртараптандыру мақсатымен голландиялық компанияларды агроөнеркәсіп, білім беру, медицина, цифрлық технологиялар, су шаруашылығы және Қазақстан экономикасының нақты секторының басқа да салаларына тартуға көп көңіл бөлінеді», - деді А.Жұмағалиев.

Өз кезегінде Нидерланд Сыртқы істер министрлігінің өкілі екі ел арасындағы саяси диалог пен жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың стратегиялық болашағына сенім білдірді.

Тараптар Украинадағы дағдарысқа байланысты логистика, азық-түлік және энергетика саласындағы ағымдағы жағдайды талқылады, жаңа сауда бағыттары мен Қазақстанның порт инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.