
Амстердам, 2022 жылғы 7 маусым - Нидерландтағы Қазақстан Елшісі Асқар Жұмағалиев Корольдіктің индустриалды парк мүшелерін республикамыздың ерекшеліктерімен, негізгі өзгерістермен, инвестиция тартуға әлеуеті бар қызықты салалармен, сондай-ақ, мемлекеттің одан әрі даму бағытының жоспарларымен таныстырды.
Елші атап өткендей, Қазақстан бизнес жүргізу үшін мықты әрі бәсекелі орта қалыптастыруға ерекше назар бөледі. Сөзінің дәлелі ретінде Қазақстан 25-ші орынға тұрақтаған жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісін мысалға алды.
«Дүниежүзілік банктің соңғы есебіне сүйенсек, Қазақстан бизнес жүргізу бойынша 190 елдің арасында 25-ші орынға ие болды», - дейді А.Жұмағалиев.
Moody's-тің рейтингісінде Қазақстан тұрақты болжамға ие бола отырып, өз рейтингісін “Baa2” көрсеткішіне дейін жеткізді. Fitch и Standard & Poor's ұйымы да Қазақстанның пандемияға дейінгі кредиттік рейтингісі мен болжамдарын растап, елдің қаржылық тұрақтылығын атап өткен.
Елші салық жеңілдіктері туралы айтып, әлеуеттік инвесторлардың назарын аударды.
«Жаңа айтып өткенімдей, қаржылық, жалпы, экономикалық тұрақтылықтан басқа, еліміз әртүрлі салаларда жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетеді. Біз Корпоративті кіріс салығынан, Жер салығынан, Мүлік салығынан босату сияқты салық жеңілдіктерін, сондай-ақ, жер участогы мен инфрақұрылым сияқты фискалды емес жеңілдіктер ұсына отырып, инвестициялық жобаларға қолдау көрсетеміз», - деді ол.
Дипломатиялық өкілдігінің басшысы және де Қазақстанның өңірлерінде орналасқан 13 Арнайы экономикалық аймақ пен 36 өнеркәсіптік аймақтар туралы айтып, олар инфрақұрылым мен көптеген инвестицияық артықшылықтар ұсынатынын жеткізді.
Жұмағалиев атап өткендей, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерін, Қытай мен Каспий бассейніндегі елдерді қосқанда, миллиард адамнан астам тұтынушысы бар нарыққа тікелей шығатын ел. Сонымен қатар, елімізде көлік инфрақұрылымы да жақсы дамыған.
«Менің ойымша, бұлардың бәрі Қазақстан инвесторлар үшін тартымды ел екенін айқындап тұр. Сондықтан болар, Нидерланд Қазақстандағы нөмірі бірінші шетелдік инвестор болып отыр: Корольдік республикамызға 150 млрд доллардан астам қаражат инвестициялаған», - деді сөзін қорытындылай келе ол.
Лекция соңында қатысушылар Елшіге өз сұрақтарын қойды. Корольдік клубтың мүшелері жоғарыда аталған артықшылықтардан басқа, кадр мәселесі, мамандардың ағылшын тілін білу деңгейі, Қазақстанның климаттық ерекшелігі мен елде жүріп жатқан реформалар туралы сауалдарын қойды.
Асқар Жұмағалиев лекция қатысушыларына референдум туралы, оның нәтижесі мен Конституцияға енетін түзетулер қандай өзгеріс әкелетіні туралы айтып берді.
Елші залдың барлық сұрағына толыққанды жауап беріп, олардың қошеметіне ие болды.