Регбиден Қазақстан құрамасы «Amsterdam Sevens” чемпионы атанды

Регбиден Қазақстан құрамасы «Amsterdam Sevens” чемпионы атанды

Амстердам, 2022 жылғы 5 маусым - Регбиден Қазақстанның әйелдер құрамасы әлемдік серияның іріктеу жарысына дайындық аясында осы күндері Нидерландта өткен «Amsterdam Sevens» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.

Ойын алдында команда мүшелері ниет танытып, референдумға қатысу үшін өтініш беріп үлгерген. Сондықтан, референдумның #282 учаскесінің комиссия мүшелерінен құралған мобильді топ көшпелі жәшік алып, Амстердамға барған болатын. Қарсыластарын ойсырата жеңген қазақстандық спортшылар ойыннан кейін конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс берді.

Қазақстан құрамасының ішінде Алина Әскерова, Нигора Нұрматова, Балжан Қойшыбаева,  Анжелика Пичугина, Вероника Степанюга, Мария Гришина, Галина Красавина, Дайана Қазыбекова, Милана Алаева, Людмила Шерер, Алёна Дробовская, Құндызай Бақтыбаева есімді спортшылар бар.

Сондай-ақ, бұл жарысқа ерлер құрамасы да қатысып, дауыс беру процессіне белсенді ат салысты.

Нидерландтағы Қазақстан Елшілігі бүкіл команданы, сондай-ақ, регбиден әйелдер құрамасының жаттықтырушы құрамын тамаша жеңісімен шын жүректен құттықтайды.