Асқар Жұмағалиев қазақстандық студенттерімен не туралы әңгімелесті?

Асқар Жұмағалиев қазақстандық студенттерімен не туралы әңгімелесті?

Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Корольдіктің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жерлестерімен кездесті. Дипломатпен кездесуге болмыш елдің әртүрлі қалаларынан бірнеше ондаған адам келді. Бейресми түрде, шай үстінде студенттер Асқар Жұмағалиевпен бірқатар қызықты тақырыптарды талқылап, сұрақтарын қойды.

Кейбіреулерді әлеуметтік-экономикалық мәселелер алаңдатты: Амстердамнан Нұр-Сұлтанға/Алматыға тікелей рейстерді қалпына келтіру; туған-туыстарына виза алу; Қазақстанға келу жөніндегі талаптар, Нидерланды үшін Республиканың инвестициялық тартымдылығы. Ал басқаларды алдағы референдум тақырыбы қызықтырды. Асқар Жұмағалиев кездесуге келгендерге ү.ж. 5 маусымда Елшілікте сайлау учаскесі ұйымдастырылатынын хабарлады.

«Бүгін біз жаңа және қуатты мемлекет құру алдында тұрған кезде, сіздер, біздің мемлекетіміздің болашағы-жастар ретінде, келіп, дауыс беріп, өз үлесіңізді қосуға мүмкіндіктеріңіз бар. Сайлау учаскесі таңғы 7 - ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді», - деді Елші. Сондай-ақ, Дипломат студенттерге өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттардың болуы керектігін де еске салды.

Кездесуге келгендердің қатарында көктемгі Наурыз мейрамына белсене атсалысқан қыз-жігіттер де болды.

«Бізге көмектескен волонтер-белсенділерімізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында нидерландықтар ұлттық ойындарымызбен, оның ережелерімен таныс болды», - деп А.Жұмағалиев ерекше көзге түскендерге алғысхаттар табыс етті.

Кездесу соңында студенттер Елшіден болашақта голландтармен бірлесіп бизнес жүргізудің перспективалық бағыттары бойынша кеңес беруге сұрады: экономика саласын таңдауды және күрделі сезімтал мәселелер. Асқар Жұмағалиев осы мәселе бойынша өз ойларымен бөлісіп, бірнеше перспективалық векторларға тоқталды.

Студенттер ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін алғыс ретінде оған қазақ тілінде «Жылы ықыласпен ұзақ мерзімге естелік» деген жазуы бар Делфтте өндірілетін әйгілі фарфордан жасалған табақты сыйға тартты. Бұл фарфор (ақ фонда нәзік көк суреті бар ыдыс, Delfts blauw) Нидерландының ұлттық қазынасы болып табылады. Сонымен қатар, басқа кәдесыйлармен қатар туристер оны Корольдікке сапардың естелігі ретінде жиі алып кетеді.