
Гаага, 2022 жылғы 29 наурыз – Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Асқар Жұмағалиев KLM-ның Халықаралық істер және корпоративтік құқық жөніндегі вице-президенті Фрэнк Прилевитзбен кездесу өткізді
Елші Жұмағалиев елдеріміз арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде экономикалық әріптестік және Корольдіктің отандық экономикадағы ірі инвесторлар рейтингіндегі көшбасшылығы айтарлықтай жоғары деңгейде екені туралы айтып берді.
Тараптар шектеу шараларының мейлінше алынып тасталуы әлемдегі өзара сапарлар ағыны қалпына келетініне сенімділік ұялатынын атап өтті. Осыған орай, ҚР-лық дипломат сұхбаттас назарын еліміздің туристік тартымдылығына аударды.
Өз кезегінде KLM желісінің кездесуге қатысушы директоры С. ван Стратен компания бағыттар мен рейстер саны бойынша пандемиядан бұрынғы деңгейге шығуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Тараптар Нидерланд пен Қазақстан арасындағы тікелей әуе қатынасын жаңарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ геосаяси тұрақсыздық жағдайында балама әуе дәліздерін ашу мәселелеріне арнайы көңіл бөлді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша KLM рейстерінің Қазақстан бағытына жүзеге асуы жөніндегі консультацияларды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Анықтама ретінде: KLM Royal Dutch Airlines Нидерланд авиациясының флагманы болып табылады. KLM хабы Амстердамдағы Схипхол әуежайында орналасқан. Негізі 1919 жылы қаланған KLM әлемдегі ең көне авиакомпания болып табылады. 2021 жылғы жағдай бойынша компанияда 35 488 қызметкер жұмыс істейді, ұшақтар паркінде (еншілес компанияларды есепке алмағанда) 110 дана ұшақ бар. KLM тұрақты негіздегі жолаушы және жүк тасымалын 145 бағыт бойынша жүзеге асырып келеді. KLM Қазақстан нарығында 2005 жыл мен 2017 жыл аралығында болды.