Қазақстан мен Нидерландының Ауыл шаруашылығы министрліктері фитосанитария саласындағы тығыз ынтымақтастық туралы келісті

Қазақстан мен Нидерландының Ауыл шаруашылығы министрліктері фитосанитария саласындағы тығыз ынтымақтастық туралы келісті

2022 жылдың 27 ақпаны мен 5 наурызы аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері болды. Қазақстандық делегацияны Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс бастап барды.

Қазақстандық делегация NAK (Нидерландының ауылшаруашылық тұқымдары мен картоп тұқымдарын бақылау жөніндегі бас инспекциясы қызметі) және Naktuinbouw (Нидерландының бау-бақша инспекциясы қызметі) барды. Сапар барысында нидерландтық тарап инспекциялардың қызметімен, олардың жеке бизнеспен және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігімен, сондай-ақ Нидерландыдан экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын талаптармен таныстырды.

Сонымен қатар, делегация картоп тұқымын өндіру және саудасы саласындағы жеке компанияларда болып, нидерландтық бизнес картоп тұқымын өсіру және сыртқы нарыққа жеткізу саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ Нидерландының Ұлттық анықтамалық орталығына бару ұйымдастырылды. Тараптар қолданылатын сынақ хаттамалары және осы хаттамаларды зертханада орындау процедуралары туралы ақпаратпен алмасты. Кездесу нәтижесінде Қазақстан мен Нидерланды зертханалары арасында техникалық деңгейде байланыс орнатылды.

Сонымен қатар, екі елдің ведомстволары тұқымдық картоп партияларында Candidatus Liberibacter solanacearum (зебра чиптерінің қоздырғышы) анықтауға байланысты жағдайды талқылады.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар келісілген консультациялар хаттамасына қол қойды. Фитосанитариялық бақылауға жататын өсімдік өнімдерінде алдағы уақытта карантиндік объектілерді анықтауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, бастапқы сынақтардың нәтижелері бойынша тараптар:

- дереу құзыретті органдарға хабарлауға;

- қолданылған сынақ хаттамалары туралы ақпарат алмасуға (қолданылатын болса, диагностикалық хаттаманың ерекшеліктері, пайдаланылған праймерлер, келесі қолданылатын сынақтар);

- тиісті жеткізілім мәліметтері туралы ақпарат алмасуға;

- тиісті жүкке қолданылатын шаралар туралы ақпаратпен және жалпы жағдайды түсіну үшін қажетті кез келген басқа ақпаратпен алмасуға келісті.