Гаага, 2022 жылғы 3 наурыз – Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның Бас директоры Фернандо Ариастың шақыруымен Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі және ХҚТҰ жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Жұмағалиев Қазақстан тұрғызу жобасының қаржы донорларының біріп болған химия-технологиялық орталықтың (ХТО) құрылыс нысанына барды.
А.Жұмағалиев басқа бірқатар елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары қатарында ХТО құрылысының барысымен, оның аяқталу және пайдалануға беру мерзімдерімен таныстырылды.
Аталған іс-шара барысында Ф.Ариас ХТО құру жөніндегі бастаманы жүзеге асыруда ХҚТҰ-ға қаржылай қолдау көрсеткен барлық елдердің өкілдеріне алғысын білдіріп, қонақтарға аталған орталық қызметінің жоғары маңыздылығы мен перспективалары туралы мәлімдеді.