
6 жыл қатарынан 1 наурыз Қазақстанда "Алғыс айту күні" ретінде тойлануда. Елшілік шет қалмай, осы мерекеге орай жерлестерін киносеансқа шақырды.
Келген қонақтарға қазақстандық режиссер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» («Уәде етілген жер») фильмі көрсетіліп, бауырсақпен дастархан ұйымдастырылды.
Бұл фильмнің таңдауы кездейсоқ емес. Фильм әлемнің барлық эмигранттарына арналады және 30-шы жылдардағы жұттан кейінгі қиындықтарға қарамастан, осы өлкеде қалғандардың отаны болған қасиетті қазақ жеріне өзіндік алғыс болып табылады.
Бұл күн - қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.