
Гаага, 2022 жылғы 2 наурыз – Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі А.Жұмағалиев Shell-дың Гаага қаласындағы кеңсесінде болып, корпорацияның Вице-президенті Джоана Кунсбергпен кездесті.
Әңгіме барысында А.Жұмағалиев Қазақстан басшылығының қаңтар оқиғасынан кейін саяси тұрақтылықты нығайту, Қазақстан Республикасының энергетикалық кешенін реформалау, инвестициялық саясатты жетілдіру, өндіруші өнеркәсіп қызметкерлерің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, Украинадағы жағдайдың жаһандық энергия нарығына және трансконтиненталды жеткізу тізбегіне әсері талқыланды.
Shell өкілі Шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметін жоғары бағалап, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Shell арасындағы сенімді қарым-қатынастарды атап өтті.
Кездесу барысында декарбонизациялау мен жасыл энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.