Гаагадағы «Societeit de Witte» атты ең көне қоғамдық-саяси клубында Қазақстанның жаңа демократиялық және экономикалық өзгерістері таныстырылды

Гаагадағы «Societeit de Witte» атты ең көне қоғамдық-саяси клубында Қазақстанның жаңа демократиялық және экономикалық өзгерістері таныстырылды

Нидерландтағы Қазақстан Елшісі Асқар Жұмағалиев Гаагадағы ең көне қоғамдық-саяси клубы «Societeit de Witte»-де сөз сөйледі.

Іс-шараны аша отырып, А.Жұмағалиев Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қатынастарының орнауының 30 жылдығын және осы мерзім ішінде екі ел сенім, өзара құрмет пен басымдықтардың ортақтығы негізінде берік байланыс орнатқанын атап өтті. Нидерланд біздің Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі және Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор болып табылады.

Елші қатысушыларды  еліміздің негізгі экономикалық жетістіктерімен таныстырды, сонымен қатар қолайлы іскерлік және инвестициялық климат құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, мемлекеттік қолдау шаралары туралы, сонымен бірге әкімшілік кедергілерді азайту бойынша, реттеуші және фискалдық саясатты жетілдіру бойынша жұмыстардың күшеюі туралы айтты. Осы орайда, Қазақстан Елшісі, өзінің пікірінше, нидерландық инвесторлар үшін тартымды болып табылатын Қазақстанның экономикалық басым салаларын белгіледі.

Сонымен қатар, А.Жұмағалиев клуб мүшелеріне қайғылы қаңтар оқиғасына жайлы ақпарат беріп, дер кезінде қабылданған батыл шешімдердің арқасында еліміздегі жағдайдың толық тұрақтанғанын атап өтті. Осы тұрғыда Елші, халықаралық қағидаттарға толық сай келетін тергеп-тексеру жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен қолға алынған елімізді одан әрі трансформациялау жоспарларына ерекше назар аударылды. Осыған орай Елші, одан әрі демократиялық өзгерістерге бағытталған мемлекеттің бейілдігін растап, шетелдік инвесторлар үшін «ашық есік» саясаты біздің стратегиялық басымдығымыз болып қала беретінін атап өтті.

Қорытындылай келе, энергетикалық жүйелерді әртараптандыру және декарбонизациялау, елдің көліктік-логистикалық әлеуеті, білім беру және т.б. мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу болды.

 1782 жылы құралған «Societeit De Witte» клубы екі жүз жылдан астам уақыт бойы Гааганың қоғамдық-саяси өмірінде көрнекті орын алуда. Атақты саясаткерлер, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері «De Witte» мүшелері болып табылады.