Қазақстандағы жылыжайларға Blue Radix цифрлық шешімдерін енгізу мүмкіндігі Нидерландыда талқыланды

Қазақстандағы жылыжайларға Blue Radix цифрлық шешімдерін енгізу мүмкіндігі Нидерландыда талқыланды

Қазақстанның Елшісі А.Жұмағалиев нидерландтық Blue Radix компаниясының бас директоры Рональд Хоекпен кездесті. Кездесу барысында тараптар жылыжай көкөністерінің өнімділігін арттыру үшін компанияның цифрлық шешімдерін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

Компания жылыжай секторы қазіргі уақытта әлемде кеңейіп жатқанын атап өтті. Бірақ мұндай ауқым егін шаруашылығы мамандарын одан да көп тартуды талап етеді. Ал компанияда осы жаһандық мәселелердің шешімі бар: алгоритмге негізделген шешімдер өсірушілерге жылыжайлары үшін цифрлық миды ұсынады.

Қазақстан Елшісі компанияны Қазақстанға шақырып, Қазақстанның бірнеше жылыжайында цифрлық шешімдерді енгізу бойынша пилоттық жобаны бастауды ұсынды. Компания Қазақстанда пилоттық жобаны бастауға және қазақстандық жылыжайлармен ынтымақтастықты талқылауға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, тараптар ағымдағы жылдың сәуір айында жоспарланып отырған нидерландтық бизнесмендердің Қазақстанға сапарының егжей-тегжейлері мен компания мамандарының қазақстандық фермерлерге арналған вебинарлар сериясына қатысуы талқылады. Сондай-ақ, нидерландтық әріптестерге республика басшылығының экономика мен саясатты жаңғырту, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың құқықтары мен активтерін қорғау бойынша қабылдап жатқан шаралар кешені туралы ақпарат берілді.