Қазақстанның Елшісі нидерландтық компаниялардан қазақстандық бизнес үшін жылыжай саласындағы вебинарлар сериясын бастады

Қазақстанның Елшісі нидерландтық компаниялардан қазақстандық бизнес үшін жылыжай саласындағы вебинарлар сериясын бастады

Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев нидерландтық компаниялардан қазақстандық бизнес үшін жылыжай саласындағы вебинарлар сериясын бастады.

Вебинарды ашып отырып  Елші жылыжай шаруашылығы саласындағы жетекші нидерландтық технологияларды, ауыл шаруашылығындағы тәуекелдерді оңтайландыру үшін компаниялардың цифрлық шешімдерді пайдалануын, сондай-ақ осы саладағы нидерландтық компаниялардың тамаша көрсеткіштерін жоғары бағалады.

«Қолданылатын технологиялар мен цифрлық шешімдердің нәтижесінде Нидерланды дәйекті түрде жоғары өнімділік пен өнім сапасына қол жеткізе алды, бұл оған азық-түлік өнімдерінің әлемдегі 2-ші ірі экспорттаушысы болуға мүмкіндік берді ... Бұл вебинарларда жетекші нидерландтық компаниялар осы инновацияларды қолдану бойынша білімдері мен тәжірибесімен бөлісетін болады. Алынған ақпарат қазақстандық бизнес үшін Нидерланды тәжірибесін үйренуге ынталандыру болады деп үміттенемін». – деді Қазақстан Елшісі.

Бірінші вебинар «Қазіргі заманғы жылыжай технологиялары: қиындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыбында өтті. Вебинарды Dutch Greenhouse Delta бас директоры Эрик Эгбертс және Қазақстан жылыжайлары одағының президенті Нұрлан Әділхан жүргізді. Спикерлер KUBO, Van Der Hoeven, Certhon жетекші нидерландтық компанияларының мамандары жылыжай секторындағы соңғы технологиялар, жылыжайлардың әртүрлі түрлері, жылыжай жобасын қалай бастау керек, жобаны жүзеге асыру кезінде қандай сұрақтарға ерекше назар аудару керектігі және т.б. туралы айтты

Сондай-ақ, вебинар барысында Қазақстандағы ЕҚДБ жобасының маманы Дамир Аюпов ауыл шаруашылығы жобаларын ауыл шаруашылығын қолдау үшін Банктің қолдау құралдары, соның ішінде гранттар туралы айтып берді. Вебинар соңында нидерландтық компаниялардың өкілдері қатысушылардың түрлі практикалық сұрақтарына жауап берді. Жалпы, вебинарға Қазақстанның әр өңірінен 150-ге жуық қатысушы қосылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айында жетекші нидерландтық компаниялардың Қазақстанға алдағы сапарын ұйымдастыру туралы айтылды. Осы сапар аясында нидерландтық компаниялар қазақстандық аграрлық университеттерде оқитын студенттермен озық білімі мен практикалық тәжірибесімен бөлісуге дайын.

«Алдыңғы қатарлы нидерландтық компаниялардан практикалық білім алу ауыл шаруашылығында өзіңіздің білікті кадрларыңызды қалыптастыруға жақсы негіз болатынына сенімдімін», - деді нидерландтық Greenhouse Delta компаниясының бас директоры.

Іс-шараны қорытындылай келе, Қазақстан Елшісі нидерландтық бизнес өкілдеріне Қазақстандағы «қаңтар оқиғасынан» кейін Елшілікке көрсеткен жылы қолдауы үшін алғысын білдірді және нидерландтық кәсіпкерлердің Қазақстанмен одан әрі белсенді ынтымақтастыққа дайындығын жоғары бағалады.

Анықтама үшін: Вебинар ҰАҒБО мен Dutch Greenhouse Delta арасындағы 2021 жылғы 3 маусымдағы меморандум негізінде ҰАҒБО және Dutch Greenhouse Deltaмен ұйымдастырылған. Қолдау көрсеткендер – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі, Kazakh Invest, Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогы және Қазақстанның жылыжай одағы.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ҰАҒБО) бұл Қазақстанның аграрлық саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы. ҰАҒБО миссиясы – аграрлық ғылымның практикалық тиімділігін арттыру және агроөнеркәсіп кешенін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу.

Dutch Greenhouse Delta (DGD) бүкіл әлемде нидерландтық жылыжай бау-бақшасын ілгерілету үшін құрылған. DGD - өсіп келе жатқан мегаполистердегі азық-түлік және гүл өсіру бойынша күрделі, ауқымды жобаларға «бір терезе» болып келеді. Жетекші нидерландтық серіктестермен бірге жұмыс істей отырып, DGD зерттеудің, кәсіпкерлік тәжірибенің, білім берудің және үкіметтік қарым-қатынастардың біртұтас Fork2Farm бау-бақша экожүйесін ұсынады.