Қазақстанның Елшісі Bondi стартапына барды

Қазақстанның Елшісі Bondi стартапына барды

Осы жылдың 11 ақпанында Қазақстанның Елшісі А.Жұмағалиев электрлік көлік бөлісу стартапы Bondi компаниясының Гаага қаласындағы кеңсесінде болды.

Бұл компанияны қазақстандық студент, 24 жастағы Шыңғысхан Қазақстан және оның серіктесі Ұлыбританиядан келген Макс Шолоу 2020 жылы құрған.

Коронавирустық пандемияға байланысты қиындықтарды сәтті еңсерген Bondi қазір Нидерландының үш қаласында электр велосипедтерді жалға беру орталықтарын ашты. Сонымен қатар, арнайы электрлік скутерді жасап-шығару жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Елшісі отандасымыздың бастамасын қолдайтынын айтып, оны өз отанында да Bondi өкілдігін ашуға шақырды.

Шыңғысхан Арнем және Найменген (Hogeschool van Arnhem en Nijmegen) қолданбалы ғылымдар университетінің түлегі.