
8 ақпанда Қазақстан Елшісі А.Жұмағалиев Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы министрлігінің өкілдері Фредерик Воссенар және Питер Вандрагермен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын нығайту бойынша ағымдағы жылға арналған жоспарларды талқылады. Қазақстандық тарап ағымдағы жылдың ақпан айының ортасынан бастап онлайн вебинарлар өткізу тәжірибесі енгізілгенін атап өтті. Жоба қазақстандық фермерлер үшін жылыжай саласындағы жетекші нидерландтық компаниялардан тікелей бизнес тәжірибесімен алмасуды және озық технологияларды зерттеуді көздейді. Сондай-ақ тараптар біздің елдеріміз арасындағы агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін болатын ағымдағы жылдың сәуір айында нидерландтық кәсіпкерлердің Қазақстанға сапарының егжей-тегжейін талқылады.
Министрлік өкілдері елдер арасындағы сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растап, мүмкіндігін пайдалана отырып дипломатиялық өкілдікке Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында көрсетіліп жатқан қолдауы үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде қазақстандық дипломат сұхбаттасушыларға "қаңтар оқиғаларынан" кейін елдегі жағдайдың толық тұрақтануы, ел басшылығы кешенді экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру бойынша қабылдап жатқан шаралар, сондай-ақ Қазақстандағы нидерландтық және шетелдік бизнесмендердің құқықтары мен активтерінің мызғымастығы туралы өзекті ақпаратты жеткізді.