
Гаага, 2022 жылғы 9 ақпаны - Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Құрметті консулы Корнелиус Вагтманспен кездесу өткізіп, оның барысында Құрметті консулға Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табыс етілді.
М.Вагтманс 2010 жылдан бастап өзіне жүктелген консулдық қызметін әр дайым жоғары деңгейде атқарып, Қазақстан мен Нидерланды арасындағы халықаралық, саяси-әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастарының дамуына белсенді үлесін қосуда.
Кездесу барысында қаңтар айында өткен оқиғаларға ерекше назар аударылды. ҚР Құрметті консулы нидерландтық серіктестер зардап шеккендерге көмек көрсету, халықтың әлеуметтік қорғалуын нығайту, сондай-ақ жоспарланған кешенді экономикалық реформалар бойынша Қазақстан басшылығының қабылдап жатқан шараларын қолдайтынын хабарлады.