
Гаага, 2022 жылғы 7 ақпаны - Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Жұмағалиев Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының (ХҚТҰ) Бас директоры Фернандо Ариаспен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ХҚТҰ басшысына мерекелік медаль салтанатты түрде табыс етіліп, А.Жұмағалиев ұйымның жаһандық қарусыздану процессіндегі нақты нәтижелерге Ф.Ариастың қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Сонымен қатар, Елші Бас директорды Қазақстанда орын алған қаңтардағы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Атап айтқанда, Ф.Ариастың назарына орын алған оқиғалар және елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша мемлекет қабылданған шаралар туралы сенімді фактілер жеткізілді.
Сондай-ақ, Бас директор ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөздерінің негізгі тезистерімен және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарлы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырылды.
Ф.Ариас өз кезегінде Қазақстанның үкіметі мен халқына қолдау білдірді.