Нидерландтың іскер қоғамдастығы Қазақстанды қолдайды

Нидерландтың іскер қоғамдастығы Қазақстанды қолдайды

Гаага, 2022 ж. 2 ақпаны – Нидерландтық іскер топтардың өкілдері Қазақстанның атына қолдау білдіріп, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде одан арғы ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдіруді жалғастыруда.

«HVA International»" компаниясының бас директоры Милтиадис Гкузурис өз бейнеүндеуінде  бірнеше апта қатарынан зорлық-зомбылық көтерілістерінің салдарынан ондаған адам қаза тапқан Қазақстандағы жағдайларды қадағалап келемтінін айтты. «Елдегі оң жағдайға аса мүдделі компания ретінде біз үкіметтің тұрақтылықты тез әрі ойдағыдай қалпына келтіріп, қантөгісті тоқтатқанына таң қалдық. Бұл іс-әрекеттер біздің Қазақстанда бизнес жүргізе алатынымызға деген сенімді күшейтті. Осыған орай, мен үкіметке деген таңданысым мен ризашылығымды, сондай-ақ алдағы жылдардағы нәтижелі ынтымақтастыққа үміт білдіргім келеді», – деді ол.

«Сіздер соңғы бірнеше аптада тап болған қиын сынақтарды көрдік. Сіздерді және елдеріңізді қолдаймыз. Мен Қазақстанда өткен жылы болдым, кездесулер өткіздім, біз ауыл шаруашылығы мен бау-бақша салаларының жарқын болашағын нығайтуға бағытталған бірлескен жоспарлар құрдық. Біз бұл бастамаларды 2022 жылы да жалғастырғымыз келеді. Осы жылдың сәуір айында сіздермен болатын кездесуді және жоспарларымыздың Қазақстан халқымен бірге іске асуын асыға күтеміз», – деп атап өтті «Dutch Greenhouse Delta» компаниясының бас директоры Эрик Эгбертс.

Нидерланд Қазақстанға тікелей инвестициялар құю көлемі бойынша «нөмір бірінші» инвестор болып табылады. 2005 жылдан 2021 жылдың 3 тоқсанына дейін Нидерландтан ҚР-ға ТШИ-дің жалпы көлемі 103,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан мен Нидерланд арасындағы екіжақты тауар айналымы 2021 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша 4,1 млрд. АҚШ долларына жетті (2020 ж. салыстырғанда 35,5%-ға артық). Қазақстанда Нидерланд капиталының қатысуымен 669 заңды тұлға тіркелген.