Нидерландта Қазақстанның көрнекті тарихи тұлғаларының мұрасы талқыланды

Нидерландта Қазақстанның көрнекті тарихи тұлғаларының мұрасы талқыланды

2021 жылғы 11 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі Qazaq House қорымен бірлесіп, Жамбыл Жабаев (175 жыл), Ыбырай Алтынсарин (180 жыл), Әлихан Бөкейханов (155 жыл), Дина Нұрпейісова (160 жыл), Қажымұқан Мұңайтпасов (160), Мұқағали Мақатаев (115 жыл) сынды Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің мерейтойларын мерекелеуге арналған онлайн іс-шара өткізді.

Іс-шараға Нидерланд Корольдігінің дипломатиялық корпусының, ғылыми, академиялық, іскер топтарының, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ НК-де тұратын қазақстандық студенттер мен отандастар қатысты.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасының Елшісі Асқар Жұмағалиев «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің жас ұрпағын дамытудағы және де қазақ халқының бай тарихи мұрасын зерделеу мен мәдени болмысын ілгерілетудегі қолдауының зор маңызын атап өтті.

Өз баяндамасында филология ғылымдарының докторы, әдебиет тарихшысы, қазақтың көрнекті жазушысы, ғалым Мұхтар Әуезовтің немересі Зифа-Алуа Мұратқызы Әуезова жиналғандарды Ы.Алтынсарин, Ж.Жабаев, Ә.Бөкейханов және М.Мақатаевтың еңбектерімен, шығармашылық мұрасымен таныстырды.

Шара барысында «Бұл-бұл» (М.Мақатаев), «Кел балалар оғылық» (Ы.Алтынсарин), «Менің өмірім» (Ж.Жабаев) сияқты әйгілі шығармалар оқылып, Д.Нұрпейісова мен Л. Хамидидің өлеңдері көрермендерге көрсетілді. Шара соңында Мұқағали Мақаетваның әйгілі «Есіне мені алғайсық» әні шараның модераторы, белгілі қазақ жазушысы Ғабит Мүсіреповтің немересі, Дина Махмұтованың орындауында шырқалды.

Шара соңында қатысушылар Нидерландта қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту мен сақтауға бағытталған осындай іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.