
Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев сүт секторында жұмыс істейтін голландиялық «Vecozuivel», «Schep Groep» және «Dutch Farm Plan» компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында тараптар мал басының өнімділігін арттыру және репродукция технологиясын жолға қою арқылы Қазақстанда сүт және сүт өнімдерін өндіруді арттыру мәселелерін талқылады.
Компания басшылары өз қызметтерін таныстырып, Қазақстанда саланың табысты дамуы үшін білікті мамандардың, тиісті жем-шөп базасының және қалыптасқан экспорттық нарықтардың маңыздылығын атап өтті.
Елші ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде сүт және сүт өнімдерін өндіру Үкіметтің назарында екенін атап өтті. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясының шеңберінде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі мал сатып алу үшін шаруа қожалықтарына несие беру көлемін ұлғайтуды, жемшөп өндірісін ынталандыруды, шалғайдағы жайылымдық шаруашылықты және жайылымдық инфрақұрылымды дамытуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жасанды ұрықтандыруды және эмбриондарды трансплантациялауды қоса алғанда, заманауи асылдандыру әдістерін енгізуді ынталандыру екенін атап өтті.
Өз кезегінде, келіссөздер барысында технологиялармен қатар, голландиялық сүт бизнесіндегі ұйымдастырушылық құрылым мен баға белгілеу қағидаттары жоғары өнімділіктің маңызды драйверіне айналғаны атап өтілді. Фермерлік кооперативтер Нидерландтағы өндіріс тізбегінің тірегі болып табылатынын, ал сүт өңдеу зауыттары көбінесе кооперативтің меншікте, ортақ иеленушілікте болып табылатынын айтты.
Сондай-ақ, Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігі мен «Kazakh Invest» Қазақстандағы сүт өнеркәсібінің әлеуеті, мемлекеттік қолдау шаралары және өткізу нарықтары туралы хабардар етті, сонымен қатар жергілікті бизнестің сүт және сүт өнімдерін өндіруде ынтымақтастыққа дайындығын атап өтті.
Компания өкілдері Қазақстанда бизнесті дамытуға және сүт секторын дамытуға қолдау көрсетуге қызығушылық танытты.
Компаниялар туралы толығырақ ақпарат мына сайттарда: vecozuivel.nl, schep-groep.nl, dutchfarmplan.nl.