Асқар Жұмағалиев «Kazakh Invest» компаниясының өкілімен бірге балық шаруашылығы саласындағы бірқатар голландиялық компаниялармен кездесті

Асқар Жұмағалиев «Kazakh Invest» компаниясының өкілімен бірге балық шаруашылығы саласындағы бірқатар голландиялық компаниялармен кездесті

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев балық өнеркәсібінде жұмыс істейтін Anna Dutch, Hesy және Alltech Coppens голланд компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында тараптар балық зауыттарын салу, жоғары сапалы балық жемі мен экологиялық таза уылдырық өндіру, сондай-ақ компаниялардың Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қатысуы мәселелерін талқылады.

Компания басшылары өз қызметтерін таныстырып, Қазақстанда саланың табысты дамуы үшін білікті мамандардың, тиісті жем-шөп базасының және қалыптасқан экспорттық нарықтардың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Елшісі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айында 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бекітілгенін атап өтті. Қолданыстағы әлеуетті ескере отырып, Бағдарламада 2030 жылға қарай өсірілетін балық көлемін жылына 270 мың тоннаға жеткізу міндеті қойылған. Өсіру көлемін ұлғайту балық өсіру үшін қолайлы су қоймаларын пайдалану, сондай-ақ жаңа инвестициялық өнеркәсіптік балық өсіру жобаларын іске асыру және жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарды жобалық қуатқа жеткізу есебінен жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігі мен «Kazakh Invest» өкілі Қазақстандағы осы саланың әлеуеті, мемлекеттік қолдау шаралары және өткізу нарықтары туралы хабардар етті, сондай-ақ жергілікті бизнестің аквамәдениет саласындағы ынтымақтастыққа дайындығын атап өтті.

Компания өкілдері Қазақстанда бизнесті дамытуға және тұрақты балық шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетуге қызығушылық танытты.

Анықтама үшін:

1) HESY Aquaculture - hesy.com сайтында компания туралы толығырақ ақпарат

2) Alltech Coppens - компания туралы қосымша ақпарат alltechcoppens.com сайтында

3) Anna Dutch - компания туралы толығырақ ақпаратты annadutch.nl