2021 жылдың 12 қарашасы, Гаага – Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігі «Клингендал» Нидерланд халықаралық қатынастар институтымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған гибридті түрде өткен халықаралық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға екі елдің белгілі сарапшылары, ғылыми, іскерлік және академиялық топтарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздіктің үш онжылдығы Қазақстан үшін экономикалық ілгерілеу мен тұрақты даму дәуіріне айналғанын атап өтті. Бұл ретте қазақстандық дипломат, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздегі маңызды демократиялық үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған негізгі реформаларды атап өтті.
Е.Әлімбаев Нидерланд Корольдігі Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық серіктестеріміздің бірі және Қазақстан экономикасының ең ірі шетелдік инвестор екенін атап өтті. Сонымен қатар, өз сөзінде Е. Әлімбаев Қазақстанның Еуропалық жасыл келісімнің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде ЕО-мен ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.
Нидерландттың Қазақстандағы алдыңғы Елшісі Ханс Дриссер модераторлық еткен сарапшылық сессияның негізгі тақырыбы «Жасыл энергетика саласындағы ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың келешегі» болды.
Клингендал институтының ЕО және жаһандық байланыстар бөлімінің басшысы Луиза Ван Шаик өз сөзінде мұнай және табиғи газ саудасы ЕО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынаста тарихи тұрғыдан басым болғанын атап өтті. Осыған байланысты ол Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы тиімді ынтымақтастықты жандандыру үшін ЕО қолданыстағы құралдарын таныстырды.
Гаага стратегиялық зерттеулер орталығының негізін қалаушы, Лейден университетінің профессоры Роб де Вейк Қазақстанның жаңартылатын энергетика саласындағы орасан зор әлеуеті екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сутегі энергетикасын дамытудағы жаңа трамплин бола алатынын атап өтті.
Өз кезегінде сөз алған профессор, ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономика» кеңесінің мүшесі, «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина Қазақстан экономикасын декарбонизациялау бағыттарымен таныстырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Лондондағы өкілдігінің басшысы Ғани Бекенов қатысушыларды Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырған Astana Club халықаралық пікірталас алаңының қызметі туралы (IMEP) және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының іс-шаралары туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ IMEP пен Клингендал институты арасында тығыз ынтымақтастық орнатуды ұсынды, сонымен бірге институт өкілдерін Астана клубының келесі кездесулеріне қатысуға шақырды.
Қорытындылай келе, энергияны тасымалдау мәселелері, сондай-ақ жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастықтың баламалы мүмкіндіктері туралы жан-жақты пікір алмасу болды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевке арналған британдық жазушы Руперт Гудманның «Ұлт әкесі: Бейбітшілік адамы. Көшбасшылық тарихы» кітабы таныстырылды.
Жалпы, «Клингендал» Нидерланд халықаралық қатынастар институты жетекші тәуелсіз талдау орталығы және халықаралық қатынастар академиясы болып табылады. Әлемде 25-ші, Батыс Еуропада 3-ші орында.